USD
USD
USD

Ресми жұмыс істемеген аналардың зейнетақысы қалай есептеледі?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бала күтімімен өмір бойы  жұмыс істемеген аналардың зейнетақысының қалай белгіленетініне байланысты сауалға жауап берді.

Ресми жұмыс істемеген аналардың зейнетақысы қалай есептеледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына 3 жылдық еңбек өтілі ретінде қарастырады. 

Министр зейнетақы жинағы төмен аналарға бала санына қарай еңбек өтілі мерзімі берілетінін айтты.

“Егер ана өмірін баласына арнап, соған қараған болса, әр балаға 3 жылдан қосымша еңбек өтілі беріледі. Сондықтан ең кем дегенде мемлекет 4 бала дүниеге алып келген аналарға 12 жылдық еңбек өтілін сыйлаған. Сонда аналар ең кем дегенде 65 мың теңгеден жоғары зейнетақы алады”,- деді Тамара Дүйсенова.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған