USD
USD
USD

Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды

Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясы бағытында 6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды.

Шекара
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткеніндей, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктерге мониторинг жүргізеді (5-7 минут ішінде), бұл кептеліс туғызбайды.

«Сырым» автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек