25 Қараша 18:21
...

Ресейлік жасөспірім Қазақстанда теракт туралы жалған ақпарат таратқан

полиция
Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ киберполиция қызметкерлері Шешен Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Қазақстан аумағында теракт туралы жалған ақпарат таратқан Ресейдің кәмелетке толмаған азаматын құрықтады. 

Астана, NEGE. Сонымен қатар, 9 қыркүйекте Балқаш қаласында мектеп, сауда орталығы және тағы да басқа мекен-жайларға жарылғыш зат қойылғаны туралы 63 хабарлама жасаған 15-16 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Одан бөлек:

- 14 қазанда интернеттің ресейлік сегментінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдар мен екі ел аумағындағы теракт туралы жалған хабарламалар таратқан Астана қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны ұсталды. 

- 25 қазанда Ақтау қаласында Telegram мессенджері арқылы «Ақтау» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама жасаған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 

- 14 қарашада Тараз қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны құрықталды. Ол қаладағы мектептер мен сауда орталығында жарылғыш заттың қойылғаны туралы үш жалған хабарлама жасаған. 

- 15 қарашада Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған бала үш мектепте теракт дайындалуда деген жалған хабарламаларды тарату күдігімен ұсталды. 

- 20 қарашада Астана қаласында WhatsApp мессенджері арқылы мектепте теракт дайындалуда деген жалған хабарламаларды таратқан жасөспірім анықталды. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі «swatting» және төтенше жағдайлар туралы кез келген жалған хабарлама ауыр қылмыс болып саналатынын және 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады,- деді ІІМ өкілі Аслан Өскембаев.