USD
USD
USD

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы талқыланды.

.
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Астана, NEGE. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде өткен жиынға екі елдің дипломаттары, ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Ресей президентінің стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануын халықтың саяси реформаларды қолдауының көрінісі деп бағалады.

Ал Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері жөніндегі департаментінің директоры Александр Стерник 2026 жылды Қазақстан үшін тарихи кезең деп атады.

Ол конституциялық реформаны, жаңа Парламенттің жасақталуын және мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерді атап өтті.

Ресей СІМ Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Дмитрий Биричевский екі елдің экономикалық байланыстарына тоқталды.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан 150–160 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартқан.

Дипломат Қазақстан мен Ресейдің географиялық жақындығы, серіктестігі мен экономикалық байланыстары екі елге де тиімді мүмкіндіктер беретінін айтты.

Журналист әрі жазушы Леонид Млечин Тоқаевтың елдегі жағдай туралы ақпаратты тек ресми есептерден алмайтынын, азаматтардың күнделікті мәселелерінен де хабардар екенін айтты.

Президенттік академияның проректоры Андрей Марголин Жолдаудың басты ерекшелігі ретінде оның теңгерімділігін атады. Оның пікірінше, Қазақстанның егемендігін нығайту халықаралық экономикалық байланыстардан оқшаулануды білдірмейді.

Ал «ГеоЭнергетика» басылымының бас редакторы Борис Марцинкевич Қазақстанның атом энергетикасын дамыту туралы шешіміне тоқталды. Ол ядролық сынақтардың зардабын бастан өткерген елдің бейбіт атомды дамыту мәселесіне байыппен қарауын жоғары бағалады.

.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Жолдауда ел дамуының алдағы бағыттары мен стратегиялық міндеттері айқындалғанын айтты.

Жиын соңында қатысушылар Қазақстандағы саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің келешегін талқылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова