USD
USD
USD

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ресейлік рэпер NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші Наваи Бакировтің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, әнші Қазақстаннан шығарылды.

Наваи Бакиров
Фото: navaib/Instagram

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Шешім қабылдағанда орындаушының құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және кінәсін мойындап, өкінгені ескерілген.

Ведомство өкілдері бұл шешім қадағалаушы органмен келісілгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 13 қазанда полиция мен ҰҚК Шекара қызметінің мамандары NAVAI-ді Қазақстанға автокөлікпен кіріп келе жатқан кезде «Қордай» шекара бекетінде ұстаған. Көлікті тексеру кезінде есірткі табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Кейін сот әншіні қамауда ұстауға санкция бергені мәлім болды.

 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева