USD
USD
USD

Ресейлік газ тасымалы Қазақстанды Орталық Азия нарығынан ығыстырып жатыр

Ресейдің сұйытылған көмірсутек газы Орталық Азия нарығынан қазақстандық өнімді ығыстырып жатыр, – деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» арнасы.

ОА
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Қазан айында Қазақстан сұйытылған көмірсутек газының экспортын тәуліктік есепте 12%-ға төмендетті: қыркүйектегі 48 761 тоннадан 44 348 тоннаға дейін.

Негізгі себеп – отын түрінің өндірісі «Теңізшевройлда» 21%-ға және Атырау МӨЗ-де 94%-ға азаюы. Екі өндірісте де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаңтар-қазан айларында Қазақстаннан сұйытылған көмірсутек газының экспорты 15%-ға төмендеп, 596 588 тонннан 507 213 тоннаға жеткен. Бұл республикадан сұйытылған газ шығаруға қойылған шектеулер мен ішкі тұтынудың өсуіне байланысты. 

Орталық Азия елдерінде автогазға сұраныс электромобильдерге көшуіне байланысты азайып келеді. Сонымен қатар, ресейлік өндірушілер Батыстың санкциялар қысымына байланысты аймаққа сұйытылған газ жеткізілімін арттырды, бұл қазақстандық жеткізушілермен нарық үшін бәсекелестік туғызады, – делінген хабарламада. 

Аналитикалық орталық мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 10 айында Қазақстаннан Ауғанстанға газ экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98%-ға, Тәжікстанға – 31%-ға, Өзбекстанға – 29%-ға төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек