USD
USD
USD

Ресейлік депутат әлемге ескерту жасау үшін ядролық бомба жаруды ұсынды

Ресей депутаты Андрей Колесник сынақтардың бір бөлігі ретінде ядролық бомбаны жаруды ұсынды. Бұл туралы Lenta.ru басылымы хабарлады.

қару
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Депутаттың сөзінше, осылайша батыс саясаткерлеріне ядролық қару қаупі барын ескерту керек.

"Бір полигонда ядролық жарылыс жасауымыз керек. Қазір елімізде мұндай сынақтарға тыйым салынған, бірақ мұның соңы неге әкелетінін адамдар көру керек. Мораторий алынып тасталса, адамзат жақсылап ойланатын шығар", – деді ол.

Депутат бұл мәлімдемені Украина туралы сөз қозғағанда айтқан. Оның пікірінше, бұл бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер