USD
USD
USD

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

азаматы
Фото: видеодан скрин

 

Алматы, NEGE. Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.

“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін", – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

"Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты", – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

.

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

үгіт-насихат

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Әскери адам, сарбаз

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ақбаян Мұқанғалиева