Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейге адыраспан апарғандар түрмеге қамалады

Ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ресей
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «гармала» (адыраспан) өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бұл өсімдікті Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», – дейді Қазақстанның Бас прокуратурасы.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тарту керектігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық