USD
USD
USD

Ресейдің Ор қаласында тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Ресейдің Орск қаласында су бөгетінің жарылуына байланысты жергілікті жұртты жаппай қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмысы басталды. 

Ресей
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазір апат аймағында 700-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін қайықтар, дрондар мен тікұшақтар тартылды. Осы уақытқа дейін 4 мың адам көшірілді.

Тасқын судан Орынбор облысында 6 мыңнан астам үйді су басты. Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланған. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай су тасқыны облыс аумағында соңғы 100 жылда тіркелмеген.

Айта кетейік, Ор қаласының плотина серпілісі Орынбор облысының шығысында Қостанай облысына жақын орналасқан.

Кеше ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста екенін, тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отырғанын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 2,5 млрд долларға дейін қарыз тартпақ

салық

Заңсыз салынған нысандарды жарнамалаған: Krisha және Korter айыппұл арқалады

Krisha.k, Korter.kz

АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды

Азамат Балтагерей

Алматы облысында 19 адам сушиден уланған: дәмхана жұмысы уақытша тоқтатылды

түркістан