USD
USD
USD

Ресейдің қорғаныс күштері украиналық 7 дронды жойды

Әскерилер Белгород, Волгоград және Ростов облыстарында жеті украиналық дронды жойды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Украина
Фото: azattyq.org

Алматы, NEGE. "Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің кезекшілері Белгород (4 дрон), Волгоград (2 дрон) және Ростов (1 дрон) облыстарының аумағында Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойды", - делінген хабарламада.

Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаровтың айтуынша, құлаған дрондардың бірінің салдарынан Волгоградтың Красноармейск ауданындағы мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан.

Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Мұнай өнімдері жанған, алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт ауыздықталып, толығымен өшірілді.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев Ростов облысында түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері украиналық дрондарды талқандау операциясынанкейін ешкім зардап шекпегенін, ешқандай нысанға зақым келмегенін атап өтті.

Оның Белгород облысындағы әріптесі Вячеслав Гладков Новооскольск қалалық округінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылғанын, ұшақ типтес дрон атып түсірілгенін, одан ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж