USD
USD
USD

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы қазақстандық кәсіпкер, FIDE президенті Тимур Турловқа және Freedom Holding-ке қатысты компанияларға талап-арыз берді. Іс Мәскеудегі Тверь аудандық сотына түскен.

Тимур Турлов
Фото: Тимур Турлов/instagram.com

Астана, NEGE. Freedom Holding-тің баспасөз қызметі талап-арызды зерттеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

«Бас прокуратура холдингке және бірқатар басқа да компанияларға азаматтық талап-арыз берді. Әзірге бұл талап-арыздың мәні мен оның қаншалықты негізді екеніне түсінбей отырмыз. Бұл мәселені зерттейтін боламыз. Холдингтің қызметіне айтарлықтай қауіп төніп тұрғанын көріп отырған жоқпыз. Ресейде біздің активтеріміз жоқ, холдингтің өзі де Ресей аумағында қызмет жүргізбейді», – делінген компания хабарламасында.

Жауапкерлер қатарында Тимур Турловпен бірге Freedom Holding Corp., Freedom Finance Europe Ltd, W-Empirical Holding Corp. көрсетілген. Талаптың нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ. Алдын ала сот отырысы 15 қазанға белгіленген.

Еске салсақ, 26 қыркүйекте Тимур Турлов Самарқандта өткен FIDE Бас ассамблеясында Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша, Турлов FIDE тарихындағы сегізінші президент атанды. Ол ұйымды 2018 жылдан бері басқарған Аркадий Дворковичтің орнына келді.

Тимур Турлов 2023 жылдан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарады. Сондай-ақ ол Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай