USD
USD
USD

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлерді жүйелі түрде дайындап, сатумен айналысқан заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталды.

жалған нөмірлер
Фото: nv.kz

Астана, NEGE. Жалған көлік нөмірлерін заңсыз дайындау және тарату схемасын Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Қадағалаушы орган өкілдері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов