Ресейден Талдықорғанға заңсыз бара жатқан 4 вагон бидай кері қайтарылды
Қазақстанға тыйым салынған өнімді заңсыз әкелуге тырысқандар көбейген.
Алматы, NEGE. Белгіленген шектеулерді айналып өту үшін әр түрлі әдіс қолданылып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мысалы, 6 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының теміржол фитосанитарлық посттарында аумақтық инспекция инспекторлары Ресей Федерациясының Саратов облысынан келген 4 вагон бидайды (251 тонна) тауып, кері қайтарды.
Вагондар Талдықорғанға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.
Бұл факт дәнді дақылдардың контрабандасы әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді. Өсімдіктер карантині бойынша инспекторлар үздіксіз бақылау мен қадағалау жүргізіп, тексерулер жүргізіп, ақпаратты талдайды, ережелердің сақталуын қадағалайды және бұзушылықтарды анықтайды, бұл елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Еске сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және дәнді дақылдарды қайта экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен келетін бидайды барлық көлік түрлерімен әкелуге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?