USD
USD
USD

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Тегін екпе егу үшін Ресейде өндірілген 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге жөнелтіле бастады.

Дәрігер
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге препаратты 5 қазанға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Вакцина келген медициналық ұйымдарда халыққа екпе егу жұмыстары басталды.

Вакцинация үшін Ресейде өндірілген «Гриппол®» препараты қолданылып жатыр. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сай келеді.

Бірінші кезекте тұмауға және оның асқынуына бейім азаматтарға вакцина тегін салынады. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдар бар.

«Вакцинацияны маусымдық сырқаттану көрсеткіші өскенге дейін өткізу маңызды. Иммундық қорғаныс бірден қалыптаспайды, сондықтан екпені алдын ала алған дұрыс. Бұл әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары азаматтар үшін маңызды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, қазан айы тұмау маусымы басталғанға дейін вакцинация жүргізуге ең қолайлы кезең. Вакцинация ауруды жұқтыру қаупін, ең алдымен, тұмаудың ауыр өтуі мен асқыну ықтималдығын азайтады.

Өңірлерге вакцинация науқанын уақтылы бастап, тиісті топтар үшін препараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Осы топқа жататын азаматтар вакцинациялау тәртібі мен екпе алу мүмкіндігі туралы ақпаратты тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдардан ала алады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.