USD
USD
USD

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанда инфляцияның өсуіне әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда қазіргі уақытта реттеуші инфляция болжамын қайта қарастырып отырған жоқ.

Тимур Сүлейменов
Фото: Тимур Сүлейменов

Астана, NEGE. Оның айтуынша, Қазақстан бензинмен толық қамтамасыз етілгендіктен, тікелей қауіп байқалмайды.

«Бензин бойынша біз өзімізді толық қамтамасыз етіп отырмыз. Авиакеросинге аздаған тәуелділік бар. Мұндай тәуекелдерді мұқият бақылап отырмыз, бірақ әзірге олар теориялық деңгейде ғана», – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, Ресейдегі бағаның өсуі Қазақстанға импортталатын тауарлар арқылы әсер етуі мүмкін екен. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болғандықтан, көрші елдегі ахуал бақылауда.

«Егер Ресейде инфляция өсіп, бағалар қымбаттай бастаса, оның бізге де белгілі бір ықпалы болуы мүмкін. Бірақ оның қандай деңгейде болатынын және қай тауар топтарына әсер ететінін әзірге айту қиын», – деді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, осыған байланысты Ұлттық банк әзірге инфляция болжамын да, базалық мөлшерлеме бойынша жоспарларын да өзгертпеген. Сондай-ақ ол Ресейдегі жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етеді деп ойламайтынын да жеткізді.

Айта кетейік, күні кеше Коммерсантъ басылымы Ресейдегі дизель отынының тапшылығы мен бағасының қымбаттауы халықаралық жүк тасымалы нарығына әсер ете бастағанын хабарлаған болатын. Дизель жеткізу тізбегіндегі іркілістерге байланысты бірқатар тасымалдаушы компаниялар Қазақстан бағытын балама ретінде қарастырған. Нарықтағы ахуал тасымал мерзімінің ұзаруына, көліктердің тұрып қалуына және жүк тасымалы тарифтерінің біртіндеп өсуіне себеп болды

Қазір оқып жатыр

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Kaspi

Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент

Тоқаев

ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ

.

Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек

Парламент палаталарының бірлескен отырысы