USD
USD
USD

Ресейде Қазақстан үшін маңызды газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалды

24 маусымға қараған түні украиналық дрондар Орынбор облысындағы «Газпром» нысандарына шабуыл жасады.

Орынбор газ өңдеу зауыты
Фото: gazprom.ru

Астана, NEGE. Украиналық мониторингтік арналар мен жергілікті дереккөздердің мәліметінше, соққылар Орынбор газ өңдеу зауыты мен Орынбор гелий зауытына бағытталған.

Газ өңдеу зауытында кемінде үш жерде өрт шыққан.

Екі кәсіпорын да Орынбор газ-химия кешенінің құрамына кіреді және Ресейдегі ең ірі өндіріс орындарының қатарына жатады.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылдар Қазақстанның Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің тағы да азаюына әкелуі мүмкін екенін алға тартады. Оның айтуынша, Қарашығанақта өндірілетін шикі газ өңдеу үшін Ресейдегі Орынбор зауытына жеткізіледі. Сондықтан аталған кәсіпорынның жұмысына келтірілген залал Қазақстан кен орнындағы өндіріс көлеміне де кері әсер етуі ықтимал.

Алайда Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл жағдай отандық тұтынушыларды тауарлы газбен тұрақты қамтамасыз етуге әсер етпегенін хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның мәлімдеуінше, диспетчерлік қызметтер логистиканы жедел түрде қайта ұйымдастырып, қарсы бағыттағы газ көлемін баламалы маршрут арқылы жеткізуді қамтамасыз еткен.

«Газ көлемі басқа көздер есебінен үздіксіз толықтырылуда. Қазақстанның газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Сондай-ақ ішкі нарық энергия ресурстарымен толық қамтамасыз етілгені және жағдайды министрлік пен ұлттық оператор бақылауында ұстап отырғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай