USD
USD
USD

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Ресей Федерациясының Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 43 жолаушы (оның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болған.

Ресей
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ан-24 жолаушылар ұшағы «Ангара» компаниясына тиесілі болған және Қиыр Шығыс бағытында жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан.

Рейс Хабаровск қаласынан ұшып шыққан. Ол бұған дейін Благовещенскке қонған, содан кейін Тында қаласына бағыт алған. Алайда әуежайға бірнеше шақырым қалғанда жетпей, байланысқа шықпай қалған. Белгілі мәліметтерге сәйкес, ұшақ қонуға әрекет жасап, екінші айналымға кеткеннен кейін радардан жоғалған.

Соңғы деректерге сүйенсек, борттағы 49 адамның барлығы қаза тапты.

Әуе кемесін пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты