USD
USD
USD

Ресейде жасырынып жүрген педофил Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

экстрадиция
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. 2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам