USD
USD
USD

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Ресейдегі мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындары қызметкерлеріне антистресс ойыншықтарын жаппай сатып ала бастаған. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы хабарлады.

Антистресс
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Басылым журналистері аймақтық мемлекеттік органдар мен университеттердің жүздеген антистресс ойыншықтарын сатып алғанын анықтады. Кейбір ойыншықтарға мекемелердің логотиптері басылған.

Басылымның мәліметінше, Челябі мемлекеттік университеті оқу орнының символикасы бар 160 жұмсақ ойыншыққа, Уфа мұнай университеті 100 антистресс ойыншығына тапсырыс берген. Ал Новосібір облысының Аймақтық даму орталығы өз логотипімен 50 «Снежок» шарын сатып алған.

Ұқсас жағдай Ресейдің басқа өңірлерінде де бар. Ханты-Манси автономиялық округі іс-шараларға арналған үстел ойындарын сатып алса, Тыва округі кітаптармен қоса антистресс боямақтарын алдырған.

BAZA дерегінше, жарты жыл ішінде Ресейде антистресс ойыншықтарына деген сұраныс 8,6 есе өсті. Жаз мезгілінің өзінде ресейліктер 12 мыңнан астам антистресстік өнімге 8 миллион рубль қаражат жұмсаған. 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Қазақстанда сүт безі обыры диагнозымен 150-ге жуық ер адам тіркеуде тұр

Науқас пен дәрігер

Алматыда есірткі дайындау кезінде екі адам уланып қайтыс болған

қылмыс

Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев