USD
USD
USD

Ресейде құлаған ұшақтың командирі Ақтөбеде оқыған

Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ұшақ бортындағы жолаушылардың бәрі қаза болды. Кейбір деректерге қарағанда, ұшақта 43 жолаушы (оның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болған.

Командир
Фото: Mash

Алматы, NEGE. Тында қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының командирі Вячеслав Логвинов Қазақстанда әскер оқу орнын бітірген екен. Бұл туралы Mash телеграм каналы жазды.

«Ангара» әуе компаниясына жұмысқа орналасқанға дейін ол (В.Логинов – ред.) Ақтөбе қаласындағы Т.Бигельдинов атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері әскери институтын бітірген», – деп жазды телеграм канал.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 жылы ашылған. Оқу орны инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.

Институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 «Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиацияны Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына ауыстыру туралы» қаулысымен құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты болып атауы өзгерді.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант