Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейде экипаж мүшелері апатқа ұшырап, стюардесса қайтыс болды

  9 маусымға қараған түні Сочи қаласында ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы жан түршігерлік апатқа ұшырады, деп хабарлады AzattyqRuhy.

Әйел
Фото: © Depositphotos.com / nelyninell

Алматы, NEGE. Оқиға Сочи әуежайынан қонақ үйге барар жолда болған.

«Авиаторщина» Telegram-каналының мәліметі бойынша, N4 520 Курган – Сочи рейсін орындағаннан кейін ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы ұшудан кейінгі барлық рәсімдерден өтіп, авиатасымалдаушы тапсырыс берген шағын автобусқа отырды. Экипаж трансфері екі ұшқыш пен төрт стюардессаны қонақ үйге жеткізуі керек еді.

Бірақ жолда Адлер – Псоу айналма жолында шекараға қарай микроавтобус жол қызметтерінің камазына соғысқан. Куәгерлердің айтуынша, микроавтобус жүргізушісі телефонға алаңдап, жолда тұрған жүк көлігін уақытында байқамаған. Осы апаттың салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Дереккөздің хабарлауынша, екі баланың анасы, 34 жастағы стюардесса реанимацияға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, әйел қайтыс болды. Тағы бір стюардессаның көкбауыры жарылған, үшіншісінде бет жарақаты бар. Жергілікті жерде құқық қорғау органдары жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі