USD
USD
USD

Ресейде ажырасу рәсіміне дін қызметкерлерін шақыру ұсынылды

Ресейлік қоғамдық ұйым өкілдері ажырасу рәсіміне дін қызметкерлерін шақыруды ұсынды. Бұны «Осторожно Media» басылымы хабарлады. 

ажырасу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мұндай бастаманы демография жөніндегі қоғамдық палата төрағасының бірінші орынбасары Павел Пожигайло көтерді.

Оның айтуынша, ажырасу процесін алты айға дейін ұзарту үшін тәжірибелі кеңесшілерді тарту қажет. Ол үшін міндетті түрде психологпен, дін қызметкерімен немесе адамның діни ұстанымына қарай басқа маманмен кеңесуді талап ету керек. 

Ажырасудың себептері көбіне елеусіз болады. Мәселен, әйел күйеуімен ұрсысып қалып, аборт жасатуға барады. Оған: «Тыңдашы, терең дем ал, тынышталып ал», – дейді. Нәтижесінде екеуі татуласып, құдайға шүкір, бала дүниеге келеді. Ажырасуда да солай болуы керек, – дейді ол. 

Бұған дейін «Единая Россия» партиясының депутаты Михаил Иванов некеге тұрған жұптарға 20 мың рубль төлеуді ұсынған. Ал ажырасқандарға 40 мың рубль айыппұл салып, жазалау керектігін айтқан.

Қазір оқып жатыр

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек