USD
USD
USD

Ресей жүк көліктеріне арналған міндетті QR-код енгізді

1 маусымнан бастап Ресей Федерациясы шекарасында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) іске қосылды. 

Ресей
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, енді тауарларды автомобиль көлігімен жеткізу кезінде жүкті қабылдап алушы тарап Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-код алуы қажет. Бұл QR-код жүргізушінің қолында болуы керек және бақылаушы органдар сұраған кезде көрсетуі тиіс.

Расталған QR-код болмаған жағдайда, Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынуы және жүк көлігін кері қайтарылуы мүмкін.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізушілерге мына жайттарды ескертеді:

  • Ресейлік алушыдан ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын алдын ала нақтылау;
  • өткізу пунктіне барғанға дейін QR-кодты тексеру;
  • басып шығарылған немесе электронды түрде QR-код болуы керек;
  • QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
  • құжаттарды дұрыс ресімдемеген жағдайда шекарадан өту уақытының ұзаратынын ескеру қажет.

Ведомство өкілдері тасымалдауды жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf