USD
USD
USD

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің, АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Ресей Президенті Владимир Путиннің Шэньчжэнь қаласындағы үшжақты кездесуін «ресейлік дипломатияның зор жетістігі» деп атады.

«Сізді жуырда Қытайға жасаған сапарыңыздың табысты болуымен, сондай-ақ Шэньчжэнь қаласында өткен саммитке қатысуыңызбен құттықтаймын. Әрине, "үштіктің" отырысын қарап отырып, тарихтың осы бір күрделі кезеңінде, геосаяси ахуал шиеленісіп, тұрақсыздық белең алған сәтте Ресейдің ұлы держава ретінде алдыңғы қатарға шыққанына қуандым», – деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ Владимир Путиннің еңбегін атап өтіп, кездесу қорытындысы бойынша қабылданған декларацияны қазіргі геосаяси жағдайда өте оңтайлы құжат деп бағалады.

«Қазіргі әлемде бұдан зорын күту орынсыз болар еді. Байқауымша, аталған декларацияны әзірлеуге өзіңіз тікелей атсалыстыңыз. Өйткені жазылу мәнері мен мазмұны маған таныс. Жиі айтып жүрген мәселелеріңіз осы құжаттың негізгі тармақтары ретінде енген екен», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, 25 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды. Ресейге жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі және жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр