Ресей ұшақ апаты кезінде украиналық дрондардың Грозныйға шабуыл жасағанын мәлімдеді
Росавиация басшысы Дмитрий Ядров Azerbaijan Airlines ұшағының «Ковер» режиміне байланысты Шешенстан астанасы Грозныйға қона алмағанын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Грозныйдың әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілген.
Бұған дейін БАҚ Azerbaijan Airlines ұшағы ұшып келген кезде Грозныйға шабуыл жасалып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Ресей билігі бұл фактіні алғаш рет растады.
«Ресей тарапы, Ақтау маңында Embraer ұшағының апатқа ұшырауына байланысты, қазақ және әзербайжан әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеу ісінде әріптес болуға толықтай дайын екенін бірден хабарлады. Болған оқиғаның анық-қанығын мұқият әрі толық тексеру керек», – деді Дмитрий Ядров.
Ресей жағы Грозный қаласының жолаушы ұшағын қабылдай алмауына украин шабуылдарын айыптады.
«Украинаның дрондары бұл кезде Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымға террористік шабуыл жасап жатқан еді. Сонымен қатар, Грозный әуежайының аумағын қалың тұман басты. 500 метр биіктікте ештеңе көрінбеді», - деді Росавиация басшысы.
Ядровтың айтуынша, әуе кемесінің командирі ұшақты Грозныйға қондыруға екі рет әрекет жасаған, бірақ ол ниеті іске аспаған.
«Командирге басқа әуежайлар ұсынылған. Алайда ол Ақтау әуежайына қонуды ұйғарды», – деді Дмитрий Яддров.
Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына әуе шабуылына қарсы шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек деп мәлімдеген болатын.
2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer-190 әуе кемесі апатқа ұшырады.
Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.