USD
USD
USD

Ресей Украинаға бір апта ішінде 800-ден астам әуе бомбасын тастады

Украина президенті Зеленский осылай деді.   

Зеленский
Фото: rbc.ru

Алматы, NEGE. Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әскерилер бір апта ішінде 800-ден астам әуе бомбасын қолданғанын айтты 

Зеленский әлеуметтік желілерде Украина билігі қорғанысты қолдаудың тиімдірек шешімдерін табу үшін күн сайын жұмыс істеп жатқанын айтты.«Бір аптаның ішінде Ресей біздің халқымызға қарсы 800-ден астам басқарылатын бомбаларды, 300-ге жуық шахедтерді және 60-тан астам әртүрлі зымырандарды қолданды», – деді ол.

Зеленский Ресейдің әрекетін «террор» деп бағалады.

«Террорды тек бір жолмен ғана тоқтатуға болады: ресейлік әскери аэродромдарға, олардың базаларына және ресейлік лаңкестіктің логистикасына соққы беру арқылы біз бұған қол жеткізуіміз керек», – деп түйіндеді Украина көшбасшысы.

Бірнеше күн бұрын Ресей Львовқа зымырандық шабуыл жасаған. Айта кетсек, бұған дейін Польшаның жауынгерлік ұшағы Полтаваға жасалған шабуылдардан кейін шиеленіскені белгілі болды. Бір күн бұрын Ресей әскерилері екі баллистикалық зымыранмен Полтаваға соққы берген. Шабуыл нәтижесінде білім беру мекемесі мен жақын маңдағы аурухана аумағында соққы тіркелді, - деді Зеленский. Оның айтуынша, Байланыс институтының бір ғимараты жартылай қираған. Қирандылар астында адамдар қалып қойған. 51 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт