Ресей-Украина қақтығысында КХДР-дің 600 әскери қызметкері қаза тапты
Қазіргі уақытта жаңа әскери контингент жіберілетіні жөнінде ешқандай дерек жоқ.
Алматы, NEGE. Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау қызметінің (NIS) мәліметінше, Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыста КХДР-дің шамамен 600 әскери қызметшісі қаза тауып, тағы 4 мыңға жуығы жараланған, деп хабарлайды АА.
Агенттік мәліметін Yonhap хабарлады, бұл ақпарат парламенттің барлау комитетіне арналған жабық брифингте жария етілген.
NIS мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Корея Ресейге 15 мыңға жуық сарбаз жіберген, олардың орын ауыстыруы екі кезеңде жүзеге асқан.
Қазіргі уақытта жаңа әскери контингент жіберілетіні жөнінде ешқандай дерек жоқ.
Бұған дейін Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) елдің Орталық әскери комиссиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап, КХДР-дің Ресейге әскери күш жібергенін алғаш рет ресми түрде растаған.
Хабарламада КХДР жетекшісі Ким Чен Ынның әскерін Ресейге жіберу арқылы Украинаның әскери күштерінен Курск облысын қайтаруға көмектесуді мақсат еткенін, бұл Мәскеумен жасалған келісім аясында жүзеге асқанын атап өткен.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?