USD
USD
USD

Ресей Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Тәліптер енді Ресей үшін лаңкес емес. Федерациялық кеңес бұған мүмкіндік беретін жаңа заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

тәліптер
Фото: Reuters

Алматы, NEGE. Талибанның тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылуы Ресейдің Ауғанстанды билеп отырған тәліптермен заңды қарым-қатынасы үшін қажет шара дейді билік өкілдері.

Бірақ қазір Ресей заңында тыйым салынған ұйымдарды тізімнен шығаруға арналған механизм жоқ. Бұл олқылық жаңа заң арқылы түзетілмек. Талибанға салынған тыйымды жою үшін ресейлік заңгерлер екі жылдан бері жұмыс істеп келеді екен.

Айта кетейік, Талибанға Ресейде 2003 жылдан бері шектеу қойылған. Тәліптер әлемнің бірқатар елінде, оның ішінде Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Тәжікстан мен Түркияда әлі де террористік ұйым деп танылған. Биыл жазда Қазақстан да Талибанды қара тізімнен шығарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала