USD
USD
USD

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Астанаға жұмыс сапарымен келді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келіп, бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді.

СІМ
Фото: СІМ

Алматы, NEGE. Ресей Сыртқы істер министрінің екі күндік жұмыс сапары 6-7 қарашада өтеді. Нұртілеумен келіссөздерден басқа, Лавров Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінің оқытушылары мен студенттерімен кездесу өткізеді.

Бұған дейін РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың баяндауынша, келіссөздер барысында сыртқы істер ведомстволарының басшылары Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Бұдан басқа, екіжақты күн тәртібі, сондай-ақ екі тарапты да қызықтыратын өзекті халықаралық мәселелер талқыланады.

«Сонымен бірге, ортақ интеграциялық алаңдарда, бірінші кезекте ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ бойынша өзара іс-қимыл туралы пікір алмасу болады», — деп хабарлады ресейлік дипломат.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция