Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей музейлеріндегі қазаққа тиесілі жәдігерлер елге қайтарылады

Ресей музейлеріндегі қазаққа қатысты жәдігерлерді қайтару мемлекетаралық келісім аясында пысықталады. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. «Түрлі себептермен шет мемлекеттерге кеткен тарихи жәдігерлерді қайтару мәселесі ұлтымыздың рухани жаңғыруына ықпал ететіндігі анық. Министрлік көрсетілген мәселенің маңызын ескере отырып, отандық тарих, мұрағат, мәдениет саласындағы ғалымдар және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен бірлесіп, шетел асқан құндылықтарымыз бен артефактілердің тізімін жасау мәселесін пысықтады», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, аталған тізімге көршілес Ресейдегі федералдық музейлердің қорынан жәдігерлер енгізілген.

«Музей саласындағы сарапшылардың мәліметінше, бүгінде Ресей аумағындағы музейлерде XIX-XX ғасырларда Қазақстан аумағында жүргізілген ғылыми экспедициялар кезінде сатып алынған немесе сыйға тартылған экспонаттар сақталған. Өз кезегінде көп жағдайда бұл заттар қазақ халқының мемлекет ретіндегі тарихында маңызды рөл атқарған тұлғаларға тиесілі. Сондықтан бұл жәдігерлерді немесе олардың көшірмесін елге қайтару мәселесі сол мемлекеттің заңнамасымен екі елдің арасындағы мемлекетаралық келісім аясында пысықталады», - деді министрліктен.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы