USD
USD
USD

АҚШ пен Ресей делегацияларының Эр-Риядтағы келіссөздері аяқталды

Сауд Арабиясында өткен келіссөздер барысында Ресей мен АҚШ Украинадағы атысты тоқтату, онда сайлау өткізу және бітімгершілік келісімін жасау туралы үш кезеңнен тұратын жоспарды ұсынды.

АҚШ пен Ресей
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. АҚШ пен Ресей Вашингтон мен Мәскеудегі елшіліктерінде қызметкерлердің бұрынғы санын қалпына келтіруге келісті.

Сондай-ақ олар Ресей мен АҚШ болашақ экономикалық ынтымақтастық пен энергияның жаһандық бағасы мәселесін бөлек талқылады.

Америкалық тараптың Сауд Арабиясындағы келіссөздерден кейінгі алғашқы мәлімдемелері:

– Ресей мен АҚШ Украинадағы соғыстың аяқталуы барлық тарап үшін қолайлы болуы керек деп келісті;

– АҚШ үш кезеңнен тұратын бітімгершілік жоспарын ұсынып отыр, соның ішінде: атысты тоқтату, Украинада сайлау өткізу, содан кейін қорытынды келісімге қол қою;

– Трамп Украинадағы соғысты әділ шешіммен аяқтап, оның 2-3 жылдан кейін қайталанбауын қалайды;

– Тараптар Украинадағы қақтығыс аяқталғаннан кейін болашақ ынтымақтастық пен инвестиция мәселесін талқылауға келісті;

– Сондай-ақ Мәскеу мен Вашингтон болашақ экономикалық ынтымақтастықты, соның ішінде энергияның жаһандық бағасын бөлек талқылады;

— Сергей Лавров пен Марко Рубио ортақ геосаяси мүдделер мәселелері бойынша ынтымақтасуға және Украинадағы ахуалды реттеу бойынша жұмысқа жоғары деңгейдегі командаларды тағайындауға келісті.

– ЕО Ресейге қарсы санкциялар салғандықтан, бір келіссөз үстеліне отыруы керек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер