USD
USD
USD

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және АҚШ президенті Дональд Трамп Шэньчжэнь қаласында АТЭЫ саммиті аясында алғаш рет үшжақты кездесу өткізіп, келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен декларация қабылдады.

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп
Фото: t.me/news_kremlin

Астана, NEGE. Декларацияда үш елдің БҰҰ-ны реформалау, энергетикалық тұрақтылықты сақтау, халықаралық сот органдарының өкілеттіктерін шектеу және ядролық қауіптің алдын алу мәселелері бойынша ұстанымдары көрсетілген.

Декларацияның негізгі тармақтары:

1. БҰҰ-ны реформалау

Ресей, Қытай және АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде ұйымды реформалауды қолдайтынын мәлімдеді. Бұл БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап беруіне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі миссиясын орындауына мүмкіндік беруі тиіс.

2. Энергетикалық тұрақтылық

Үш мемлекет барлық елдердің игілігі үшін мұнай өңдеу өнімдерін өндіру мен жеткізу көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тұрақты жеткізудің маңызын растады.

3. Халықаралық сот органдарының өкілеттігі

Мемлекет басшылары елдердің келісім қағидаты мен мемлекеттік лауазымды тұлғалардың иммунитетін сақтаудың маңызын атап өтті. Олардың пікірінше, Халықаралық қылмыстық сот және өзге де осыған ұқсас құрылымдар өз өкілеттіктерін теріс пайдаланбауы керек.

4. Ядролық қауіпсіздік

Үш ел ядролық соғыста жеңімпаз болмайтынын және мұндай соғысқа ешқашан жол берілмеуі керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ ядролық қатерді азайту және ядролық қарудың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша диалог жүргізуге келісті.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен АТЭЫ саммиті аясында екіжақты келіссөз өткізді.

Қазір оқып жатыр

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан

Ресей елшілігі Тараздағы ескерткішке жасалған вандализмді саяси экстремистік әрекет деп бағалады

Бүлінген стела