17 Қаңтар 17:16

Ресей Қазақстаннан тауық жұмыртқасын жеткізуді сұрап жатыр

Тауық жұмыртқасын
Фото: pixabay.com

Ресей тарапы Қазақстаннан тауық жұмыртқаларын жеткізуді арттыру туралы өтініш жасады

Алматы, NEGE. Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук екіжақты сауданың өзекті мәселелерін талқылады.

Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған мәселені қысқа мерзімде қарауды және қазақстандық өнімді РФ шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкідігін іздеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Серік Жұманғарин өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде шешім қабылдауда икемділік қажет екенін атап өтті.

Қазақстанда отандық құс фабрикаларының жұмыртқамен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылы халық қажеттілігінің 102%-ына тең болды. 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттағанын айта кеткен жөн.

Бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қазақстандық кәсіпкерлерге Ресей кедені әділетсіз қарайтынын айтқан болатын. Ол Ресеймен шекарада қазақстандық өнімдерді тым ұзақ тексеру туралы мәселені көтерді. Мәулен Әшімбаев барлық қатысушылар үшін ережелер бірдей болуы керек деп есептейді және сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевті тиісті шараларды жедел қабылдауға шақырды.

2023 жылдың 12 желтоқсанында Ресей мен Беларусь азаматтары болып табылмайтын азаматтар үшін "Рудня" өткізу бекетіндегі өткел толығымен жабылғаны, ал 2024 жылдың 8 қаңтарында осы аталған шектеу қалған екі "Қызыл" және "Қызыл тас" өткізу бекеттеріне де таралғаны белгілі болды.

"Бүгінде Ресей тарапының көмегімен Ресей-Беларусь шекарасындағы жағдай басқа өткізу пункті арқылы жүк ағындарын қайта бағыттауға мүмкіндік берді. Көліктердің негізгі бөлігі шекарадан өтіп үлгерді. Навигациялық пломбаларды электронды түрде рәсімдеуді қажет ететін жүктермен қиындықтар туындады. Тараптар жағдайды тезірек шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға келісті. Келіссөздер ЕЭК Кеңесінің отырысы қарсаңында Мәскеудегі екіжақты кездесу шеңберінде жалғасатын болады".