USD
USD
USD

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

Қазақстан 2027 жылы Ресейден жалдау төлемдері ретінде 64,8 млрд теңге алуды жоспарлап отыр.

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл сома «Ашық НҚА» порталында жарияланған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қарастырылған.

Соның ішінде Қазақстан «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы ретінде Ресейден 55,2 млрд теңге алуды көздеп отыр. Бұл сома Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартына және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына сәйкес айқындалған.

Ал әскери полигондарды пайдаланғаны үшін Ресей Қазақстанға 9,6 млрд теңге төлейді. Аталған сома Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төленетін жыл сайынғы жалдау төлемақысына және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамын негізге ала отырып есептелген.

Республикалық бюджет жобасы 5 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылған.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент