USD
USD
USD

Ресей азаматы анасын 59 жылдан кейін Қазақстаннан тапты

Астанада полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Екі әйелдің өмірін өзгерткен әсерлі кездесуді учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды. Биылғы жылдың наурыз айында полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, өз анасын табуға көмек сұраған. Майор Сарманов жан-жақты тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды. Уақытты жоғалтпай, әйел әуе билетін сатып алып, жақында Қазақстанға ұшып келді. Полиция қызметкерінің кәсібилігіне тәнті болған ол зор алғысын білдіріп, барлық полицейлердің қызметіне сәттілік тіледі.

Анықталғандай, ол анасын көптеген жыл бойы таба алмай жүрген.

— Мен тіпті адамдарды іздеумен айналысатын телебағдарламаға да жүгіндім, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Ал Бақытжан Сарманов менің туыстарымды тауып берді. Шетел азаматы ретінде мен Қазақстан полициясының зейінділігі мен ұқыптылығына таңқалдым, — деді ресейлік әйел.

Анасының өмір жолы бірнеше бөлімнен тұратын драмалық фильмге лайық. Өмірі жайлы әңгімелеп берген 78 жастағы әйел қуаныштан көз жасын тыя алмады және шексіз алғысын жеткізді.

— Бұл офицер менің оқиғама түсіністікпен қарап, шынайы жанашырлық танытты. Ол өз қызметтік борышын жедел әрі адал орындады. Осындай қызметкер үшін алғысымды білдіремін және сіздерге осындай үлгілі полицейлер көп болсын деп тілеймін, — деді қария.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf