USD
USD
USD

Ресей аумағынан Қазақстанға Жайық өзені арқылы 6,43 млрд текше метрден астам су келді

«Январцево» шекаралық гидробекетінің деректері бойынша, биыл алты айда Ресей аумағынан Қазақстанға Жайық өзені арқылы 6,43 млрд текше метрден астам су келген.

Су деңгейі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады. Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды.

«Өзен суының бөлінуі 1996 жылғы 20 маусымда бекітілген Жайық өзені бассейнінде трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Хаттамаға сәйкес реттеледі. Құжатта Ресей тарапынан Қазақстанға жіберілетін су көлемі ай сайын нақтыланған»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот