USD
USD
USD

Ресей-Украина бейбіт келіссөздерінің екінші раунды басталуы мүмкін

  Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші раунды жуық арада басталуы мүмкін.

Ресей-Украина бейбіт келіссөздерінің екінші раунды басталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуге қатысатын Ресей делегациясы Беларусь пен Польша шекарасы маңындағы Беловеж орманына жеткен. Украина делегациясы да жолға шыққан. Бұл туралы Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский мәлімдеді. Басқосуда тараптар атысты тоқтату мен гуманитарлық дәліз құру туралы мәселесін талқылауы мүмкін. Еске сала кетейік, Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің бірінші кезеңі ақпанның 28-і күні Беларусьтың Гомель облысында өтті. Тараптар ол кезде бір-бірінің ұстанымымен танысқанмен ешқандай келісімге келе алмаған болатын.

Владимир Мединский, Ресей президентінің көмекшісі:

– Біз өткен келіссөздер барысында бір-біріміздің ұстанымдарымызды біліп, талқылауға болатын бірқатар мәселелерді анықтаған болатынбыз. Кей маңызды мәселелер бойынша Украина делегациясына Киевке оралып ақылдасу қажет болды. Менің білуімше,Украина өкілдері қазір жолда келе жатыр.   

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ