USD
USD
USD

Ресеймен шекарадағы ауыл атауын өзгерту ұсынылды

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылдың атауын өзгерту ұсынылды.

Ресеймен шекарадағы ауыл атауын өзгерту ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округiнің әкімі Жүсіп Төреғалиевтың айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында қозғалған.

«Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталады. Ауыл атауын өзгерту мәселесі тұрғындар арасында көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ, бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды» -дейді Жүсіп Төреғалиев.

Оның айтуынша, тұрғындардан екі ұсыныс түскен. Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру. Екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев