USD
USD
USD

Ресейлік вакцина: «Ақша үнемдейміз деп өлтіре ме?!»

Медицина қызметкерлерін «бас ал десе, шаш алатын» асыра сілтеушілік қатты мазалап тұр. Бұған ақ халатты абзал жандарға жаппай короновирусқа қарсы екпе салу науқаны түрткі болып отыр.

Ресейлік вакцина: «Ақша үнемдейміз деп өлтіре ме?!»
Фото: NEGE.kz

Ресейлік вакцина дәрігерлер мен медбикелерге бас-көз демей салынбақ. Антиденеге анализ тапсырмайды. Не үшін дейсіз бе? Жауап тым тұрпайы: оған уақыт жоқ. Ал шынайы себебі қаржыға келіп тірелетін секілді.

Ватсап арқылы мынадай аудио мәтін кең тарап кетті. Бір ұққанымыз, бұл Алматы қаласында болған жағдай. Жазбада дәрігер әйел орыс тілінде мынадай мәлімет айтқан:

«Құрметті, медбикелер мен дәрігерлер. Біз бұл жолы антителаны тексеріп үлгермейміз. Ресейлік вакцинаны тексерусіз егеміз дейді. Ауырып тұрғандарға бес-алты айдан кейін салуға болады. Бірінші наурыздан бастап дәрігерлер үшін санитарлық кітапша үшін Қазақстандық вакцинаны егу міндетті болады». 

Бұл хабарламаның растығын Nege.kz тілшісіне ақ халатты дәрігердің бірі растады. Сонда бұл қалай болғаны? Науқаншылдық адам өмірінен артық па? Әлде, бұл вакцинаның қасиеті – антиденеге анализ тапсыруды қажет етпей ме? Бірақ бұл туралы ештеңе айтылмайды. Тіпті, ол жағын түсіндіруді ешкім жөн деп те таппаған. Бұл жағдай медицина қызметкерлерінің өзін әбігерге салып отыр. Әрине, олар өз өмірлері үшін қауіптенеді.

«Бүгін бізге осындай хабарлама жіберді. Ковидпен ауырдың ба, қазір ауырып жатырсың ба, ауырмайсың ба, ештеңеге қарап жатқан жоқ. Бас салып антидене тексерместен, вакцина сала бермекші. Яғни, ПЦР тестсіз. Негізі, алдымен анализ алып, соның қорытындысы бойынша салу керек емес пе?» – деп арызданды медицина қызметкерлері.

Бұл мәселені қарастырып отырғанда, ең алдымен басқа сап ететін нәрсе – күдік-күмән. Бәр гәп, уақыттың жоқтығында емес, ПЦР-тесттердің қымбаттығында жатқан жоқ па? Жас мамандар мен медбикелердің ПЦР-тест тапсыруға қалтасы көтермесі анық. Тегін етуге мемлекеттің құлқы жоқ. Оған үлгермейміз деген желеумен осылай адам өмірін ойыншық етуге бола ма?

Медицина қызметкерлері тек антиденеге қатысты мәселені ғана көтеріп отыр. Ал қоғамда жиі айтылып жүргендей, ресейлік вакцинаның сапасына қатысты сенімсіздік – мүлде басқа әңгіме. «Вакцина қазір әсер етпегенмен, екі-үш жылдан зияны көрінеді», – деген қауесет алдымен ақ халаттылардың арасында жиі айтылуда.

Не десек те, биліктің пәрмені күшті. Бақ де, шақ де, ресейлік вакцина бәрібір егіледі. Қарсылық білдіруге болады. Ол үшін тек жұмысыңмен ғана емес, жалпы мамандығыңмен қош айтысуға тура келеді.

«Санитарлық кітапшада екпе көрсетілмесе, еш жерге жұмысқа алмайды. Әзірге ешкімді жұмыстан шығарып жатқан жоқ. Бірақ флюрография болмаса, жұмыс алмайды емес пе? Бұл да сондай болады», – дейді бір медбике.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы