USD
USD
USD

Ресейлік тіркеудегі көлікті пайдалану мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды

  Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты.

Ресейлік тіркеудегі көлікті пайдалану мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына, сондай-ақ азаматтарға министрліктің есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеру ыңғайлы болуы үшін байланыс телефондарын құрды.

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

«Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ішкі істер министрлігі сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты» – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank