USD
USD
USD

Ресейлік Tik Tok кеңсесінің қызметкерлеріне Қазақстанға көшу ұсынылып жатыр

Ресейлік TikTok кеңсесінің қызметкерлеріне Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға, Арменияға немесе Қырғызстанға көшу туралы ұсыныс айтылды. Бірақ олар тұрғын үй, көлік және басқа да шығындарды өздері төлеуі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейлік Tik Tok кеңсесінің қызметкерлеріне Қазақстанға көшу ұсынылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қазан айының ортасынан бастап TikTok компаниясы өзінің Ресейдегі қызметкерлеріне тұруға рұқсат берген кез-келген елде жұмыс істеуге мүмкіндік берген болатын. Бірақ бұл үшін олар Ресейге оралып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қоюы керек еді. Жыл басында Ресейдің TikTok кеңсесінде 200-300 адам жұмыс істеген. Бірақ есептерге қарағанда әрбір үшінші қызметкер басқа елге көшіп кеткен көрінеді. 2022 жылдың наурызында TikTok әлеуметтік желісі Украинадағы арнайы әскери операцияға және фейктер туралы жаңа заңның қабылдануына байланысты Ресейдегі қызметін тоқтатқан болатын. Платформа Ресейде жаңа контент таратуды және тікелей эфирге шығу мүмкіндігін шектеді.

Естеріңізге салсақ, 26 қазан күні Шығыс Еуропадағы Tik Tok жаһандық бизнес шешімдерінің жетекшісі Анастасия Панина өзінің Linkedln парақшасында Қазақстаннан TikTok компаниясының кеңсесін ашуды жоспарлап жатқандығын хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков