USD
USD
USD

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Роман Савосин Қазақстан құрамасының намысын қорғау үшін құжаттар әзірлемеді. Бұл туралы спортшының бапкері Алексей Четверухин мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған дейін Ресейдің РИА Новости сайты 22 жастағы Савосиннің Қазақстан атынан жарыстарға қатысқысы келетінін жазған еді.

"Қазақстан? Бұл туралы жауап беру әлі ерте. Ол әлі ешнәрсе (құжаттар) тапсырмады", - дейді Р-Спорт сайты Четверухиннің сөзін келтіріп.

Еске салайық, Савосин Ресей командасының сапында 2019 жылы жастар арасында әлем чемпионатының күміс медалін иеленді. Сонымен қатар, жастар мен ересектер арасында Гран-при серияларында сынға түскен.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер