USD
USD
USD

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтық алғаны үшін елден шығарылды

  Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясының егде жастағы азаматтарын Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартты, деп хабарлады  көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтық алғаны үшін елден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, 69 және 71 жастағы ерлі-зайыптыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының екінші бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушыларға 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынды, олар Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады.

 Жыл басынан бері көлік полициясының қызметкерлері Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ 155 шетелдік сот шешімімен елімізден шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити