Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейлік блогер Илья Варламов шетел агенті деп танылды

Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің мәліметінше, Илья Варламов "мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен олардың саясаты туралы жалған ақпарат таратып, шетелдік көздерден қолдау алған", деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік блогер Илья Варламов шетел агенті деп танылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Ресей Федерациясының Әділет министрлігі бірқатар ресейлікке шетел агенті мәртебесін беру жөніндегі ақпаратты жариялады.

Тізімде блогер Варламовтан басқа қоғам қайраткері Светлана Лада-Русь (Пеунова), Қазандық саясаттанушы Руслан Айсин, "Дождь" телеарнасының экс-журналисті Богдан Бакалейко және ЛГБТ қатынастарын насихаттаған "Парни плюс/Парни+" бірлестігі бар.

Илья Варламовтың өзі "бұл мәртебе жақсы емес екенін" мойындады.

"Шетел агенттіктері туралы заң репрессивті екені бірнеше рет айтылғандықтан, ол өміріңді және кез келген қоғамдық қызметті қиындатады. Маған да, командама да жұмыс істеу қиындай түседі. Бұрынғыша жұмыс істей алмаймыз", - дейді Илья Варламов.

Илья Варламов Қазақстанға бірнеше рет келген. 2018 жылы Алматыға келіп, қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан реформаларға баға берді. 2021 жылдың 6 қазанында блогер Түркістанға барып, Керуен-Сарай кешенінің туристік нысандарына баға берді, бірақ туристердің аздығына таң қалды. Сондай-ақ ол нысан күзеті суретке түсуге тыйым салатынына ашуланды. Кейін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Варламовпен кездесіп, экскурсия жасады.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты