USD
USD
USD

Ресейлік «Бірінші арнаның» редакторы тікелей эфирде соғысқа қарсы плакат ұстап шықты

Ресейлік «Первый канал» телеарнасының жаңалықтары кезінде тікелей эфирге соғысты тоқтатуға шақыратын плакат ұстаған қыз шықты.

Ресейлік «Бірінші арнаның» редакторы тікелей эфирде соғысқа қарсы плакат ұстап шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сіздер күтпеген кибертерроризм. «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне саяси мәселе жазылған плакат ұстаған қыз кіріп кетті. Жаңалықтар шығарылымын тоқтатқан жоқ.

Біздің дерегімізге сәйкес, эфирге шыққан қыз – қалалар бөлімінің редакторы. Есімі Марина Овсянникова. Қазір ол тұтқынға алынды, онымен ішкі істер департаменті сұхбаттасып жатыр», – делінген Mash Instagram парақшасында.

Кейін «Бірінші арна» қызметтік тексеріс бастаған. 

«Время» бағдарламасының тікелей эфирінде расымен кадр сыртында осындай оқиға болды. Қазір тексеріс жүріп жатыр", - деді телеарна баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ