Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейлік әккі қылмыскер Нұр-Сұлтанда ұсталды

Ресей Федерациясының 58 жастағы азаматы «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды.

Ресейлік әккі қылмыскер Нұр-Сұлтанда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдікті 2006 жылы телефон арқылы зорлық-зомбылық көрсетем деп қорқытып, Ресей азаматынан үлкен мөлшерде ақша талап еткен.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбы облысының ІІБ осы дерек бойынша РФ ҚК 330-бабымен қылмыстық іс қозғаған.

2019 жылдың 28 ақпанынан бастап бұл азаматқа мемлекетаралық іздеу жарияланды. Елорда көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елорда аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін орындарды, құрылыс нысандарын, адам көп жиналатын жерлерді тексеріп жатыр.

Шара басталғаннан бері шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды, халықаралық іздеуде жүрген үш шетелдік азамат ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық