USD
USD
USD

Ресейлік әйел кездейсоқ өз-өзіне тұрмысқа шыққан

Ресейде Екатеринбург қаласының тұрғыны құжатын ауыстыру кезінде өз-өзіне «тұрмысқа шыққан». Алайда бұл туралы ол кейін білген.

Ресейлік әйел кездейсоқ өз-өзіне тұрмысқа шыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы Анастасия Палехова тұрмысқа шығып, тегін өзгертпек болған. Бұдан кейін ол төлқұжатын қайта жасатқан, алайда 14-беттегі неке туралы ақпаратты толық оқымыған екен. 

2022 жылдың наурызында банк бөлмішесіне барған әйел өз-өзімен отау құрғанын білген. «Банк құжаттарды тексеру кезінде өз-өзіме тұрмысқа шыққанымды анықтады. Яғни құжат жасау кезінде жұбайымның есімінің орнына өзімнің аты-жөнімді жазып қойған», – деп түсіндірді әйел. 

Екатеринбург қаласының тұрғыны құжатын қайта жасатуға тура келген.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі