USD
USD
USD

Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген. Бұл туралы Polisia.kz. мәлімдеді, деп хабарлайды nege.kz.

Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.

"Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова