USD
USD
USD

Ресейге салынған санкциялардың қазақстандық банктерге  әсері шектеулі

S&P халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары Қазақстанның сыртқы активтері қазіргі уақытта айтарлықтай жеткілікті екенін айтуда, деп хабарлайды Ұлттық банк.  

Ресейге салынған санкциялардың қазақстандық банктерге  әсері шектеулі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҰБ хабарлауынша, жалпы еліміздің сыртқы қаржыландыруға деген мұқтаждығы салыстырмалы түрде төмен. S&P валюта нарығындағы тұрақсыздықты басу үшін резервтерді қолдану салдарынан аталмыш резервтрдің көлемі төмендейді деп күтіп отыр.

Дейтұрғанмен, агенттік мұнай мен алтынның жоғары бағасы, сондай-ақ сыртқы резервтердің жеткілікті деңгейі Қазақстанға орын алуы ықтимал шоктарды табысты еңсеруге мүмкіндік береді деп есептейді.

Осы жылғы ақпанда инфляция 8,7%-ға жетті, бұл Ұлттық банк белгілеген 4-6%-дық дәлізден жоғары. 2022 жылы S&P ЖІӨ өсімі 2%-дық деңгейді құрайды деп болжауда. Агенттік Ұлттық банктің дер кезінде іске асырған әрекетін, тұрақсыздық жағдайында бағалар тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтергенін атап өтті.

Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын сақтау мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын теңгелік депозиттерді қорғау механизмін қабылдады. Сондай-ақ S&P пікірінше, ресейлік банктерге салынған санкциялар Қазақстандық екінші деңгей банктерінің қызметіне шектеулі әсер етеді.  

Қазір оқып жатыр

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

.

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі

Кәсіпкер

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Емхана

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

.